Алматыда «Көкпар» фильмі көрермендерге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Көкпар» фильмі көрермендерге жол тартты

19.09.2018

Алматыда «Kinoplexx-Сарыарқа» кинотеатрында «Көкпар» фильмінің алғашқы көрсетілімі өтті.

Көкпар, десе азаматы атқа тұра ұмтылатын қазақтың ұлттық спорттық ойынының қиындығы мен қызығын көрсетуге арналған фильмді түсіруге кәсіби әртістермен қатар, нағыз көкпаршылар да қатысты. Себебі, көкпар - қауіпті әрі экстремалды спорт түрі. Сондықтан, фильмге кәнігі шабандоздар қатысқан.    

Кинотуындының басты рөлдерін Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова сомдады. Олар қос ғашықтың арасындағы пәк сезімді асқан шеберлікпен жеткізді. Сондай-ақ, кейіпкерлердің әрекетінен өз ісіне деген адалдықты аңғаруға болады.  

Асылхан Төлепов, актер:

-Фильмді көрген адам бағалайды. Ең бастысы, көрермендеріміздің жүрегінен ойып тұрып кең орын алса деген арманымыз бар.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Жалпы, бір жарым сағаттың ішінде меніңше, көрермен көптеген нәрсені өзі ойына түйіп шығатын сияқты.  

Талас пен тартысқа толы кинотуындыда көрерменге ой салар оқиға көп. Алайда, режиссер кейбір сұрақтардың шешімін көрерменнің ой талқысына қалдырады. Ал, фильмнің өн бойынан ұжымдық еңбектің жемісін көруге болады. Сондықтан, «Kinopark-Theatres» және «Kinoplexx-Saryarka»  кинотеатрлар желісінде 20-қыркүйектен бастап прокатқа шығатын ғажайып фильмді бірінші болып көруге асығыңыз. 

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ       

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

                

Хабарламаларға жазылу