«Шатырға төнген бұлт» фильмі көрермендерге жол тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Шатырға төнген бұлт» фильмі көрермендерге жол тартты

26.04.2018

Режиссер Әлішер Сүлейменовтің түсірген кинокартинасы қиял-ғажайыпқа құрылған өмір шындығын суреттейді. Ойдан шығарылған басты кейіпкер брокер Темір көп қабатты тұрғын үйдің шатырында тұрып өмір мен өлім туралы ойға шомылып, ішкі сезімімен арпалысқа түседі. Ол компьютермен оңай олжаға кенелемін деп жиған-терген ақшасынан айырылып, эмоциялық дағдарысқа түседі. Осылайша, жалғыздықтың жан ауыртар күйзелісін бастан кешіп, қоғамға қайтып оралады. «Сондықтан, бұл жаппай жаһандануға ұмтылған қоғамның қайшылықтарына қарамай, өмір сүруге құштар жандардың көзқарасына әсер ететін туынды», - дейді фильм режиссері. 

Диас Әзімжан, актер:

- Бұл туынды қазақ киноиндустриясына жаңа жанр әкелді. Әрине, кемшіліктер мен қиындықтар болуы мүмкін. Барлығы өзіміздің қазақстандық мамандардың күшімен жасалды.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ  

Хабарламаларға жазылу