Биылғы шара қазақтың кино және театр саңлағы Нұрмұхан Жантөриннің 90 жылдығына орайластырылып отыр. Фестивальге Қазақстан, Ресей, Әзірбайжан, Түрікменстан мен Иран елдерінің өнер ұжымдары қатысып жатыр.
Фестивальдің шымылдығын Татарстаннан келген Мензелин мемлекеттік татар драма театры «Ібіліс» қойылымымен ашты. Жалпы, халықаралық шарада өнер көрсететін таңдаулы ұжымдардың қатарында Әзірбайжан мемлекеттік Ұлттық академиялық драма театры, Кемине атындағы Мары мемлекеттік драма театрлары бар. Қойылымдарды белгілі өнер қайраткерлері бағалайды. Фестиваль 17 қыркүйекке дейін жалғасады.
Валерий Яшкулов, Мензелин мемлекеттік татар драма театрының бас суретшісі:
- «Ібіліс» пьесасы ең үздік және атақты туындымыз. Татарстанда өткен байқауда бас жүлде алды. Қойылым башқұрт тілінде қойылды. Ұжымда небәрі 25 әртіс бар. Қатысушыларға сәттілік тілеймін! Осындай шараға қатысуға мүмкіндік алғанымызға қуаныштымыз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.