Алматы облысында әскери тікұшақты іздестіру жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы облысында әскери тікұшақты іздестіру жалғасып жатыр

26.07.2025

Алматы облысында жоғалған тікұшақ әлі табылмады. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары кешеден іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ғарыштық мониторинг көмегімен Сорбұлақ көлінің айдынында күдікті құбылыс байқалған. Әзірге мамандар мұны майлы дақ деп топшылап отыр. Одан бөлек сол маңайдан әуе көлігіне тиесілі болуы мүмкін заттар табылған. Бірақ 3 экипаж мүшесі мінген ЕС-145 тікұшағының қайда кеткені анықталмаған.

Алдияр Айтбай

Хабарламаларға жазылу