Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына - 180 жыл. Осыған орай, елімізде 300-ден астам түрлі шара ұйымдастырылады. Көркем әдебиетті көбірек оқуды насихаттау да жоспарда бар. Әлемнің үздік туындылары қойылған жәрмеңкелер де өтеді. Қазақстандықтар әлемдік классиктердің қандай шығармаларын оқиды? Жалпы, қандай кітап оқығанды құп көреді?
Таңдаулы 100 кітап: Нәтижесі Абай күнінде жарияланады
Еске салайық, төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама нәтижесі 10 тамыз - Абай күнінде жарияланады. Сауалнама жүргізудегі мақсат – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
Аяна Мырзахметова
