Атырауда ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген өнерпаздар мен дизайнерлер бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда ұлттық құндылықтарды насихаттап жүрген өнерпаздар мен дизайнерлер бас қосты

14.08.2018

Атырауда ұлттық құндылықтарды әлемдік деңгейде насихаттап жүрген өнерпаздар мен дизайнерлер бас қосты. Шаһарда алғаш рет ұйымдастырылған этнофестивальге жұрттың ықыласы ерекше болды. 

Ұлттық құндылықтар ұлықталған шара кезінде ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы беріліп келе жатқан ұлы мұрамыз көпшілікке кеңінен насихатталды. Фестивальге келушілер әлемдік сән индустриясының озық үлгілерімен де танысты. Көрмеге елімізге танымал қолөнер шеберлері мен суретшілердің, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан туындылары қойылды.

Сонымен қатар, жиналғандар жіп иіру, киіз басу, құрақ көрпе тігуден шеберлік сағаттарын тамашалады.

Жандос ТЕМІРҒАЛИЕВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу