Астанада «Тұран» тобының тегін концерті өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Тұран» тобының тегін концерті өтеді

28.10.2022

Бұл Түркі жұртының мәдениетін насихаттап жүрген «Тұран» тобы. Ертең өнерпаздар Елордада тегін концерт береді. Ұлттық аспаптардың үні асқақтайтын мәдени шара кешкі алтыда Есілдің сол жағалауындағы «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығында басталады. Орын санына шектеу жоқ. Ортадағы алаңға сыймағандар орындаушылардың өнерін жоғарғы қабаттардан да тамашалай алады.15 жылға жуық Қазақстанда да, шетелде де ән-күйді насихаттап жүрген ұжым 70-тен астам елде 600-дей жеке концерт берген. Оркестрге татитын топ мүшелері жалпы саны 30-дан астам ұлттық музыкалық аспапта ойнай алады.Түркі халықтарының арасында кең танылған ансамблдің өз тыңдарманы қалыптасып үлгерген. Қазір бірегей топтың ертеңгі концертіне дайындық жұмыстары жүріп жатыр. 

Серік Селеубай

Хабарламаларға жазылу