Лондонда аптап ыстықтан 263 адам көз жұмуы ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондонда аптап ыстықтан 263 адам көз жұмуы ықтимал

11.07.2025

Лондонда соңғы 2 аптада қайтыс болғандардың 263-і аптап ыстықтың кесірінен көз жұмуы ықтимал. Ғалымдар сараптамалық әдістерге сүйене отырып, осындай қорытынды жасаған. Сарапшылар тұрғын үй, аурухана және мектеп ғимараттарының ыстық ауа-райына бейімделмегенін алға тартып, сақтық шараларын қолға алуға шақырды. Ұлыбританияда өткен аптада ауа температурасы 34,7 градусқа дейін көтеріліп, қауіптің сары белгісі жарияланды. Осы жұмада да шіліңгір ыстықтың үшінші толқыны басталып, әсіресе 65 жастан асқан адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастарға оңай болмай тұр.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу