Шығыстағы 13 елдімекенге сел қаупі төніп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шығыстағы 13 елдімекенге сел қаупі төніп тұр

09.08.2023

Шығыстағы Қотанқарағай , Зайсан, Алтай аудандары және Риддер қаласын қарғын су басу қаупі бар. Өйткені осы аудандарға жақын жерде 144 мұзды көл бар. Соңғы бірнеше тәулікте аймақтағы аптап ыстықтан осы көлдер тоқтаусыз еріп кемерінен асуы мүмкін.

Сондықтан «Қазселденқорғау» мамандары таудағы өзен-көлдердің деңгейіне күнделікті мониторинг жасап отыр. Оған қоса биік тауларда лайлы көшкін жүруі ықтимал деген қауіпті 9 аумақ анықталды.


Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу