Ұлыбританияда аптап ыстықтан 263 адам көз жұмуы ықтимал - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда аптап ыстықтан 263 адам көз жұмуы ықтимал

11.07.2025

Лондонда соңғы 2 аптада қайтыс болғандардың 263-і аптап ыстықтың кесірінен көз жұмуы ықтимал. Ғалымдар климаттағы өзгерістің кісі өліміне әкеп соқтыратын тұстарын анықтайтын сараптамалық әдістерге сүйене отырып, осындай қорытынды жасаған.

Империал колледж Лондон университетінің зерттеушілері жасаған сараптамаға сәйкес, қайғылы оқиғалардың үштен екісінің алдын алу мүмкін еді. Бірақ климаттағы өзгерістің салдарынан Лондондағы ауа температурасы шамамен 4 градусқа көтеріліп, адам өлімі көбейген. Сарапшылар тұрғын үй, аурухана және мектеп ғимараттарының ыстық ауа райына бейімделмегенін алға тартып, сақтық шараларын қолға алуға шақырды. Ұлыбританияда өткен аптада ауа температурасы 34,7 градусқа дейін көтеріліп, қауіптің сары белгісі жарияланды. Осы жұмада да шіліңгір ыстықтың үшінші толқыны басталып, әсіресе 65 жастан асқан адамдар мен созылмалы аурулары бар науқастарға оңай болмай тұр.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу