Ұлттық банк 16,5 пайыз базалық мөлшерлемені сақтап қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық банк 16,5 пайыз базалық мөлшерлемені сақтап қалды

11.07.2025

Базалық мөлшерлеме жыл соңына дейін өзгеріссіз қалуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов баспасөз жиынында айтты. Маусым айында жылдық инфляция 12 пайызға жуықтап, тауар мен ақылы қызметтер қымбаттады. Ал базалық мөлшерлеменің қазіргідей 16 жарым пайыз болып сақталуы қаржы нарығын реттейді, теңгеге деген сенімді күшейтеді. Бұл халықтың жинаған ақшасы құнсызданып кетпеуі үшін де маңызды, - дейді Тимур Сүлейменов.

Тимур Сүлейменов, ҚР Ұлттық банкі төрағасы:

Сыртқы секторда нарықтық жоғары құбылушылық сақталуда. Ол сауда шиеленісі және Таяу Шығыстағы әскери қақтығысқа байланысты. Әлемдік азық-түлік бағасы жоғары деңгейде қалып отыр. Сол үшін Ұлттық банк қатаң ақша-кредит саясатын ұзағырақ сақтайтын болады.

Жәнел Өтеулі


Хабарламаларға жазылу