АҚШ-тың Филадельфия қаласында қоқыс жиналмағалы сегіз күн болды. Сондықтан көшелерді жағымсыз иіс басып барады. Дегенмен, бұл мәселені әзірге шешу мүмкін емес. Өйткені 1 шілдеден бері ереуілдетіп жатқан жұмысшылар арасында қала тазалығына жауаптылар да бар. Ереуілдің басталуына кәсіподақтар мен жергілікті биліктің жалақыны көтеруге келісе алмауы себепші. «Эй-би-си» телеарнасының хабарлауынша, айлықты өсіруді талап етіп, жұмысқа шықпай қойған адамдардың саны 10 мыңға жетіп қалған.
Арыстан Рысбек
