Алматыда «Шабдалы» көркем фильмі көрсетілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Шабдалы» көркем фильмі көрсетілді

27.07.2018

Комедиялық жанрға негізделген кинотуындының басты ерекшелігі ұлттық тәрбиелік және танымдық негізге құрылған. Қазіргі өмір тұрмысын суреттеген фильмнің мақсаты - қазақты бірлікке шақырып, ұлт ретінде ұйыстыру. Яғни, әр қазақ менің жалғызым деген ұстаным көркем туындының өн бойынан көрініс табады.

Ұлттық салт-дәстүрлерді жаңғырту арқылы патриоттық сезімді оятып, отаншылдық сана қалыптастырады. Сондықтан, алғашқы көрсетілімді талғампаз көрермен ыстық ықыласпен қабылдады. Ал, кинотанушылар әрбір кейіпкерді сомдаған актерлердің шеберлігіне жоғары баға берді.  

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу