«Челси» финалға жолдама алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Челси» финалға жолдама алды

09.07.2025

Англияның «Челси» командасы футболдан клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жартылай финалда Бразилияның «ФлуМинЕнсе» командасын жеңді. Кездесу барысында «Челси» көбірек шабуылға көңіл бөлді. Қарсыластар қақпасы маңында жиі бой көрсетіп, жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Нәтижесінде Жоао Педро 18-ші және 56-минутта мергендік танытып, қарсылас қақпасына дәл соққы жасады. Осылайша, 2:0 есебін тіркеген «Челси» финалға жолдама алды. Енді аталған клуб чемпиондық атақты «ПСЖ» мен «Реал Мадрид» жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. 

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу