Елімізде капиталы 10 млрд АҚШ доллары болатын Kazakh-Asia Investment Fund трансұлттық қоры құрылды. Осы мақсатта бүгін Қазақстан мен Қытайдың мемлекеттік құрылымдары, бизнес қауымдастығы арасында меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Алматыда өткен Qazaq Invest-2025 форумы аясында жалпы сомасы 224 млрд теңгеден астам жобалар бойынша келісімшарт жасалды.
Бүгінде елімізде тіркелген қытайлық компаниялардың шамамен 70 пайызы Алматы қаласында табысты жұмыс істеп келеді. Олардың көбі «жасыл» жобаларға қаржы құя бастаған. Отырыста белгілі болғандай, соңғы бес жылда Қытайдың еліміздегі жасыл энергия саласындағы инвестиция көлемі 3 млрд доллардан асқан. Ал жаңадан құрылған қор қос елдің стратегиялық серіктестіктігін нығайтып, инвестициялық байланысты бекемдеуге сеп болады дейді қатысушылар.
Жазира Оразқызы
