Президенттік жастар кадр резервіне құжат қабылдау аяқталды. 1-маусымда басталған іріктеу осымен төртінші рет өткізіліп отыр.
Бір айда жобаның ресми сайтына 31859 адам тіркеліп, оның 7436-сы келесі кезеңге өтті. Кандидаттардың орташа жасы 31-де, орташа еңбек өтілі - 8,9 жыл. 34,2%-ында басқару тәжірибесі бар. Үміткерлер арасында 4741 адам бакалавриат, 2550 адам магистрант, 145 адам доктор дәрежесіне ие. Сондай-ақ олардың 863-і шетелдік оқу орындарының түлектері, 306-сы «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары. Іріктеуден өткендер 15-шілде сағат 23:59-ға дейін «Мәтіндік ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестіне жазылуы қажет. Қатысушы pkrezerv.gov.kz сайтындағы жеке кабинетінде тестілеу өтетін уақытын таңдауы тиіс.
Амангелді Сейітхан
