Қазақстанның «Алтын дала» экожобасы әлем назарында. Ақбөкендерді қорғауға бағытталған бастама Кембриджде талқыланып, Британ ғалымдары мен халықаралық сарапшылардың оң бағасын алды.
«Алтын дала» жобасы 20 жылдың ішінде түз тағыларының санын шамамен 4 миллионға жеткізді. Қорғалатын аумақтар кеңейіп, халық арасында экологиялық ағарту жұмыстары жүргізілді. Бұған «Кембридж табиғатты қорғау бастамасы» және әлемнің жетекші экоұйымдары жоғары баға беріп отыр.
Джоу Гилберт, Құстарды қорғау корольдік қоғамының халықаралық директоры:
Бүгін біз ауқымы өте кең, әрі табысты жұмыстың нәтижесіне куә болып отырмыз. Бұл таң қалдырмай қоймайды.
Сын-қатерлер де жоқ емес. Ақбөкендердің көбеюі жайылымдарға салмақ салып, жергілікті шаруалардың наразылығын тудыруда. Ендігі міндет жануарлардың санын бақылауға алып, еті мен мүйізінің саудасын заңдастыру арқылы экономикаға пайда әкелу. Сәтті жоба ізімен тағы бірқатар жоспар қолға алынбақ.
Стефани Уорд, «Алтын дала» табиғатты қорғау бастамасының жоба:
Жақында біз жылқы тұқымдас басқа да жануарларды қайта жерсіндіру жұмыстарын бастап кеттік. Қазақстанда құландар мен Пржевальский жылқысының саны артпақ.
Былтыр «Алтын дала» халықаралық «Ғаламшарды құтқару» сыйлығын жеңіп, Ұлыбритания ханзадасы Уильям бастамаға 1 млн фунт, яғни 700 млн теңге табыстады. Қаражат еліміздегі экологиялық инфрақұрылымды және білім жобаларын дамытуға жұмсалмақ.
Марина Бекенова
