Шығыстағы Ұлан ауданында бірнеше ауылда жұлдызқұрт қаптап кетті. Зиянкестер жасыл желекті жалмап, тіпті ормандағы шынар ағаштарын да жапырақсыз қалдырып барады. Енді елді мекендердегі бау-бақшаны жайпап үйлерге де кіріп, кей тұрғындарды шағып алған.
Александра Алпысбаева, Асубұлақ кентінің тұрғыны:
Менің қолымды шағып алды. Шаққан жері қызарып, одан аллергия болды. Қазір мен аллергияға қарсы дәрі ішіп, жақпамай қолдандым.
Тұрғындардың айтуынша, қызыл дақты жұлдызқұрттар өте тез тараған. Бас-аяғы бір аптаның ішінде үш ауылдың маңын қу тақырға айналдырған. Жас өскіндерді жеп, енді алма ағаштарының діңін кеміріп жатыр.
Татьяна Сутормина, ауыл тұрғыны:
Мына алма ағашынан бұтақтары ғана тұр. Көктемде жап-жақсы гүлдей бастаған еді. Қызыл қоңыз, құмырсқаға себетін дәріні де септік. Еш нәтиже болмады.
42 жыл орманшы болған Иван Шаровтың айтуынша, жұлдызқұрттың бұл түрі өсімдіктің барлық түрімен қоректенеді. 50 бұрын да дәл осылай қаптаған. Ал зиянкестің көбеюіне күннің ерте жылуы мен шыбын-шіркейдің аз болуы және құрғақшылық та әсер еткен.
Иван Шаров, орманшы:
Мамырда көбелек көп ұшып келді. Күн жылы болды. Енді мінеки, өте жылдам көбейіп жатыр. Оның үстіне олармен қоректенетін шыбын-шіркей кеш шықты.
Бау-бақшасы мен ауласына зиянкес қаптаған тұрғындар оны улау туралы Ұлан ауданы әкімдігіне өтініш жолдаған. Фитосанитарлық қызмет мамандары жұлдызқұртты зерттеуге алған. Бірақ арада бірнеше апта өтсе де, сарпатаманың қорытындысы әлі жоқ.
Қуаныш Құмарұлы, Асубұлақ ауылдық округінің әкімі:
Фитосанитария мамандары келіп, сынама алды, қазіргі таңда экспертиза жүріп жатыр. Қорытындысы шыққан соң ары қарай жұмыс істейміз.
Асубұлақ кенітіне көрші бірнеше ауылда да қаптаған. Сондықтан халық күзде бау-бақшасыз қаламыз ба деп алаңдап отыр.
Олжас Керейхан
