Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізінің түбін көгалдандыру бойынша бірлескен жоба әзірлемек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізінің түбін көгалдандыру бойынша бірлескен жоба әзірлемек

30.06.2025

Қазақстан мен Өзбекстан Арал теңізінің түбін көгалдандыру бойынша бірлескен жоба әзірлемек. Бұл істе инновациялық әдістерді қолдану көзделген. Бұл туралы Қарақалпақстанның экология министрі айтты.

Бір топ қазақстандық ғалымдар мен экологтар жуырда қарақалпақ еліне барып, сол жақтағы әріптестерімен тәжірибе алмасты. Нәтижесінде сексеуіл егу әдістерін жетілдіру, басқа да шөлге төзімді өсімдіктерді жерсіндіру бойынша жобаларды бірлесе жүргізуге уағдаласты. Арал аймағын жасыл желекке айналдыру бойынша жұмыстар Өзбекстанда 2018 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Алғашқы жоспар бойынша сексеуіл ауаға көтерілген тұз бен шаңды 15-18% ұстап қалады деп болжанған. Бірақ нәтиже бұдан әлдеқайда асып түсті дейді мамандар.

Лейлі Сейітова, Қарақалпақстан Республикасының экология министрі:

2 миллион гектар аумаққа сексеуіл егілді. Экологиялық қауіптің 35-40 пайызға азайғаны байқалады. Енді басқа аумағында жұмыстар істелінеді. Қазақстан тарапымен бірлесе отырып, Аралды гүлдендіреміз деп ойлаймын.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу