Өзбекстан жасыл энергияға 5 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстан жасыл энергияға 5 млрд доллар инвестиция тартуды жоспарлап отыр

30.06.2025

Өзбекстан жасыл энергияны дамытуға 5 миллиард доллардан астам инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Жыл соңына дейін 16 күн және жел электр стансалары іске қосылады. Олардың жиынтық қуаты жылына шамамен 9 миллиард киловатт-сағатты құрайды. Өзбекстанда халық саны қарқынды өсіп келеді. 2030 жылға қарай 41 миллион тұрғынға жетеді деген болжам бар. Тиісінше электр қуатына да сұраныс еселеп артуда. Жаңа стансалар салудан бөлек ірі кәсіпорындарда энергияның тиімділігін арттыруға баса назар аударылып отыр. Мәселен, су шаруашылығында қолданылатын сорғылар жылына 6,5 миллиард киловатт-сағат электр энергиясын тұтынады. Сондықтан оларды жаңартып, орнына заманауи әрі үнемді түрлерін қою қолға алынып жатыр. Ірі өндіріс орындарында энергия сақтау жүйелері орнатылады.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу