Астанада «Заң және тәртіп» фотокөрмесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Заң және тәртіп» фотокөрмесі өтті

30.06.2025

Астанада «Заң және тәртіп» атты фотокөрме өтті. Онда ел тыныштығын күзетіп жүрген тәртіп сақшыларының еңбегі мен күнделікті қызметі бейнеленген.

Іс-шара Есіл өзенінің бойында ұйымдастырылды. Көрмеге келген тұрғындар Ұлттық ұлан оркестрінің өнерін де тамашалады.

Көрмеге 100-ден астам фотосурет қойылған. Олар Ішкі істер министрлігі өткізген байқау барысында іріктеліп алынған.

София Орынбасар, ҚР ІІМ Ақпараттық саясат департаментінің инспекторы:

Фотокөрменің мақсаты – біздің полиция қызметкерлерінің өрт кезінде де, су тасқыны болғанда да алдыңғы шепте жүретінін көрсету. Қарапайым болып көрінгенімен, олардың күнделікті жұмысы күрделі және жауапкершілік жоғары екенін жеткізу еді.



Хабарламаларға жазылу