Алматыда Қазақстан – Корея халықаралық көрме-форумы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Қазақстан – Корея халықаралық көрме-форумы басталды

27.06.2025

Алматыда Корея мәдениеті мен өнімдерін шетелдік нарыққа таныстыратын ірі халықаралық көрме-форумы басталды. Шараға 50-ден астам компания қатысып, косметика, киім және заманауи технология сынды корей брендтерін ұсынды. Көрме Корея мен Қазақстан арасындағы бизнес байланыстарды дамытуға жол ашады, - дейді ұйымдастырушылар. Танымал корей компаниялары қазақстандық интернет-дүкен иелерімен, дистрибьюторлармен кездесіп, өнім жеткізу шарттары, баға саясаты бойынша келіссөздер жүргізді. Келісімшарттар жасасып, алғашқы тауар легін жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Корея елшілігі мамандарының сөзінше, мұндай шаралар қос ел арасындағы экономикалық әрі мәдени дипломатияның табысты үлгісіне айналды.

Сон Су Ким, Корея Республикасы сауда және инвестицияны қолдау агенттігінің Орталық Азия бойынша бас директоры:

Бүгінгі көрме сауда-экономикалық әріптестікті тереңдетуге, экспортты арттыруға және өзара достықты нығайтуға бағытталған маңызды алаң деп есептеймін. Сонымен қатар тәжірибе алмасу, жаңа байланыстар орнату мен бизнес желіні кеңейтуге де мүмкіндік беріп отыр. Кореялық компаниялар қазір Қазақстан нарығына еніп жатыр. 500-ден астам компания жұмыс істеуде. Осы байланысты нығайту үшін бүгін маңызды келісімдерге қол жеткіздік.

Жазира Оразқызы

Хабарламаларға жазылу