Димаш Құдайбергенов «Славян базарына» төрелік етеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаш Құдайбергенов «Славян базарына» төрелік етеді

02.07.2018

Танымал әнші, Қазақстанды әлемге танытқан ұлдарыңыз Димаш Құдайбергенов «Славян базары» халықаралық фестивалінде балалар арасында өтетін байқауға төрелік етеді. Өнер додасы шілденің 12-сі мен 16-сы аралығында Беларусь елінің Витебск қаласында өтеді. Ал, үлкендер арасындағы додаға биыл елімізден жас әнші Ернар Садырбаев қатысады. Ол шоу-бизнесте Әмре деген атпен таныс. Байқаудың шарты бойынша үміткер үш ән дайындайды. Ернар Садырбаев Тұманбай Молдағалиевтің сөзіне жазылған, Нұрғиса Тілендиевтің әні «Құстар әнін» өзгеше стильде орындамақ. Тағы әлемдік репертуардан екі ән бар. Ал, Роза Рымбаева қазылар алқасының мүшесі. Осымен төртінші жыл қатарынан төрелік етіп келе жатқан Халық әртісі ел ішінде әлі танымал болып үлгермеген Ернарға сенетінін жеткізді. 

Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі:

- Бұл конкурсқа қатысатын әнші. Конкурсқа қатысатын кезде өзінің деңгейін халықаралық деңгейде көрсету керек. Сайыста халықаралық орындаушылармен сайысқа түседі. Егер деңгейі олардан артық болып тұрса, демек, Қазақстан мәдениетінің деңгейінің жоғары болғаны.       

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу