Елімізде жаңартылатын энергия қуаты 3 100 МВт-тан асты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде жаңартылатын энергия қуаты 3 100 МВт-тан асты

26.06.2025

Елімізде жаңартылатын энергия қуаты 3 100 МВт-тан асты. Бул туралы Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов айтты. Бүгінде ел көлемінде жел, күн, су және биоқалдықтардан қуат өндіретін 156 нысан жұмыс істейді. Сонымен қатар қуаты 2 258 мегаватт болатын 91 жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл жұмыстар аяқталса, еліміздің жасыл энергия әлеуеті одан әрі артады. Үкімет алдағы уақыта да энергияны сақтау, жеке компаниялармен тікелей келісім жасау және жасыл энергияны нарыққа енгізу бағыттарына басымдық бермек. Бұл елімізді экологиялық таза әрі тұрақты энергия жүйесіне жақындата түседі. Қазақстан халықаралық аренада «жасыл» энергетика бойынша сенімді серіктес ретінде танылып келеді, дейді вице министр.

Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:

Осы саланы дамытуда эволюциялық түрде біз өзгеріс жасап келе жатырмыз. Үлкен реформа болып, аукцион механизміне ауыстық. Одан бері үлкен жұмыстар атқарылып жатыр. Сондықтан осы аукцион механизміне соңғы 7 жылда 260-тан астам компания қатысып, бүкіл әлемнен 14 мемлекет, осы салада дамыған мемлекеттердің барлығының компаниялары қатысып жатыр.

Ернұр Медет


Хабарламаларға жазылу