Мәскеуде ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың кітабы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәскеуде ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың кітабы таныстырылды

27.06.2018

«Саманный домик бытия». Осындай атаумен Мәскеу қаласында, белгілі қазақстандық ақын Раушан Бүркітбаева-Нүкенованың жаңа кітабы көпшілікке таныстырылды. Шара Ресей астанасындағы Журналистер үйінде өтті. Оған орыстың белгілі ақын-жазушылары мен әдебиеттанушылары және қазақ дипломаттары қатысты. Басқосу кезінде зиялы қауым өкілдері мұндай кездесулердің Қазақстан мен Ресей арасындағы гуманитарлық байланыстарды бекітуде маңызы зор екеніне тоқталды.

Мәскеудегі «Художественная литература» баспасынан шыққан жинаққа, ақынның әр жылдары жазған үздік жыр жолдары еніп отыр. Олардың бірсыпырасын жиналған жұртқа ақынның өзі оқып берді. Мәселен, сондай поэманың бірі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына арналған. Автордың айтуынша, бұл орыстілді оқырманның арасында кең таралмаған тақырып саналады. 

Раушан Бүркітбаева-Нүкенова ақын:

Қазақ тілінде жазылған өлеңдер де, мақалалар да көп. Тарихта мәңгілік қалсын, әсіресе, орыс тілінде қалсын деп жаздым.

 

Нұртас СОЛТАНҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу