Астанада 600-ден астам медицина қызметкері бас қосты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада 600-ден астам медицина қызметкері бас қосты

20.06.2025

Қазақстанда медициналық қызмет құны дамыған елдерге қарағанда айтарлықтай арзан. Емдеу сапасы да әлемдік стандарттарға сай. Сәйкесінше елімізге шетелден келіп, емделетін туристер де көбейген. Медициналық туризм қауымдастығы президенті жыл сайын әлемдегі 45 мемлекеттің 10 мыңнан астам азаматы жанына дауа табу үшін Қазақстанға арнайы келеді деді. Бұл туралы Amanat партиясы ұйымдастырған «Дәрігер Talks» диалог алаңының II отырысында айтылды. Жиынға Мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов, Денсаулық сақтау министрі мен еліміздің барлық өңірінен келген 600-ден астам медицина қызметкері қатысты. Шарада саладағы жүйелі мәселелер талқыланып, оны шешу жолдарын ұсынды және мамандары тәжірибесімен бөлісті. Ерлан Қошанов ақ халатты абзал жандарды мерекесімен құттықтап, Президент тапсырмасы бойынша біршама жұмыс атқарылғанын жеткізді.

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы, Amanat партиясының төрағасы:

Ауылдың денсаулық сақтау жүйесін, соның ішінде инфрақұрылымды дамытуға жыл сайын қомақты қаржы бөлініп отыр. Қазіргі таңда жүздеген медициналық нысан жаңғыртылып, салынуда. Ауылға барып жұмыс істеймін деген медицина қызметкерлерінің көтерме ақысы 9 миллион теңгені құрайды. Естеріңізде болса, бұл Amanat партиясының сайлаушылар алдындағы уәдесі болатын.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу