Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинь алдағы дүйсенбі күні елімізге келеді. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақты одан әрі нығайту жайы талқыланбақ. Кездесуден кейін, яғни сейсенбі күні тараптар «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Онда лидерлер аймақтық және халықаралық мәселелер төңірегінде пікір алмасады деп жоспарланып отыр.
Айта кетейік, былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 43 миллиард доллардан асты. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп. Қазір бізден Қытайға негізінен мұнай, мыс, уран, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады. Ал Қытайдан бізге көлік, тұрмыстық техника, киім-кишек пен тамақ өнімдері жеткізіледі. Жалпы бүгінге дейін Шығыстағы көршімізбен 62 бірлескен жоба іске асты. Нәтижесінде 11 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Былтыр екі ел арасында жүк тасымалдау көлемі 13% өскен.
Жанел Өтеулі
