Оралдық мейірбике ұшақта адам өмірін сақтап қалды
Ұшақта есінен танып, қан қысымы түсіп кеткен ер адамды мейірбике құтқарып қалды. Оқыс жағдай Орал – Шарм-эль-Шейх әуе бағытында болған.
Ұшақта жасы 40-тан асқан ер адам есінен танып құлайды. Бортсеріктері жанұшыра жолаушылардың арасынан дәрігер не мейіргер іздейді. Сол кезде қалалық №5 емхананың мейіргері Динара Сариева бірден әрекет етіп, көмек қолын созады. Ол бір сағат бойына шұғыл медициналық көмек көрсетіп, ұшақ қонғанға дейін ауыр хәлдегі жолаушының жанында болады. Қиын жағдайда бортсеріктерімен бірге адам өмірін сақтап қалған ол емханада 15 жылдан бері еңбек етіп келеді.
Динара Сариева, №5 емхананың мейірбикесі:
Шамамен жарты сағаттай науқас құсты. Біз бортсерік екеуміз қолымыздан келген барлық жағдайды жасадық. Аптечканың ішінде мен сұратқан ешбір дәрі болған жоқ. Ұшақта отырған адамдардан давление түскенге қандай дәрілер бар екенін сұрадық. Сол дәрілерді беріп, көмек қолын создық. 80/50 болды, бір 15-20 минуттан кейін науқастың қан қысымы 100/60-қа көтерілді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 21:22

Халық пікірі: Әлеуметтік төлемдер шын мұқтаждарға ғана берілуі тиіс
10.09.2025, 21:06
Халық партиясы Президент Жолдауын талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізді
10.09.2025, 20:52
ШҚО-да 104 млрд теңгенің 11 жобасы жүзеге асып жатыр
10.09.2025, 20:50
Мемлекеттік кеңесші аналитикалық құрылымдардың басшыларымен жиын өткізді
10.09.2025, 20:44
Е.Қошанов: Бір палаталы Парламент партиялардың рөлін де, беделін де арттыра түседі
10.09.2025, 20:42
Абай облысында инвестициялық жобалардың саны үш есеге артты
10.09.2025, 20:42
Мәжілісте ең төменгі жалақыны белгілеу туралы заң қаралды
10.09.2025, 20:33