Австрияда мектептегі атыстан 10 адам қаза тапты

Бүгін Австрияның оңтүстігіндегі Грац қаласындағы мектепте атыс болып, 10 адам қаза тапты. Тағы 30-ы жараланып, ауруханаға жеткізілген. Мұны Грац мэриясы хабарлап отыр. Мерт болғандардың арасында қанша оқушы болғаны әзірге белгісіз. Дегенмен, кейбір деректерге қарағанда, қаза тапқандардың біреуі ғана ересек адам. Жергілікті басылымдардың хабарлауынша, білім мекемесін қанға бөктірді деген күдіктінің мәйіті ваннадан табылған. Ол осы мектептің бұрын буллингтен зардап шеккен оқушысы болуы мүмкін. Оның ауыр қылмысқа неліктен барғаны белгісіз. Австрия канцлері Кристиан Штокер бұл атысты «ұлттық трагедия» деп атап, елдің қайғысын сөзбен жеткізу қиын екенін мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
ӘЧ: Бүгін 13 боксшымыз шаршы алаңға шығады
10.09.2025, 14:24

Ақтауда «Eco School» жобасы жүзеге асырыла бастады
10.09.2025, 14:21
Петропавл студенттері телефон қосымшасын жасап шығарды
10.09.2025, 14:18
Жолдау қоғамдық-саяси және экономикалық даму тұрғысынан талданды
10.09.2025, 14:15
Сербия саясаттанушылары Жолдауға үн қосты
10.09.2025, 14:12
Жолдау: Салықтан түскен қаржы тиімді жұмсалуы тиіс
10.09.2025, 14:09
Жеті жеңіл ұшақтың рұқсатсыз ұшып жүргені анықталды
10.09.2025, 14:06
Дохада зардап шеккендердің арасында қазақстандықтар жоқ
10.09.2025, 14:03