Алматыда «Дала Дидары» атты әдеби-сазды көшпелі өнер кеші өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда «Дала Дидары» атты әдеби-сазды көшпелі өнер кеші өтті

15.05.2018

Жазушылар одағында өткен рухани басқосу Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауға бағытталған. Онда елімізге танымал өнерпаздар қабырғалы қаламгердің туындыларын алматылық талғампаз көрерменнің назарына ұсынып, ыстық ықыласына бөленді.

«Жалпы, Қадырдың еңбектері еліміздің рухани қазынасын еселеп, сөз өнерін байытқан асыл мұра. Сондықтан, саналы ұрпақ тәрбиелеуде ақынның өміршең өлеңдерінің маңызы зор», - дейді, шараға қатысушылар. Ал, құрылғанына үш жыл болған өнер ұжымы көшпелі кешті еліміздің барлық өңірлеріндегі ірі елді мекендерінде жалғастыруды жоспарлап отыр.   

Бауыржан Халиолла,  Қадыр Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығының директоры:

- Қадыр ақын таныстыруды қажет етпейтін, есімі Абайдан кейін аталатын ұлттың ұлы ақыны даңқты жазушы. Сондықтан, Қадекеңнің шығармашылығын насихаттау және өміршең болуын елге жеткізіп отыру кейінгі ұрпақтың, яғни, біздің парызымыз және міндетіміз.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ 

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу