Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Солтүстік Македониядан жеңілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Солтүстік Македониядан жеңілді

10.06.2025


Футболдан 2026 жылғы Әлем чемпионаты іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониядан жеңілді. Есеп - 0:1. Ойының 33 минутында қазақстандық қорғаушылар тарапынан болған қателікті сәтті пайдаланған Солтүстік Македония командасы есеп ашты. Гол авторы: Александар Трайковски.

2-кезеңде жерлестеріміз таразы басын теңестіруге қанша талпынса да, нәтиже шықпады. Осы матчтан соң Солтүстік Македония J тобында 1-орынға көтерілсе, Қазақстан 4-сатыға сырғыды. Ұлттық құрама ойыншылары ендігі кездесуін 4 қыркүйек күні Астанада Уэльске қарсы өткізеді.

Ұлттық құрама капитаны Асхат Тағыберген Солтүстік Македониямен болған кездесуден соң Қазақстан құрамасындағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол 2014 жылдан бері 63 матч өткізіп, 3 гол соққан. Сондай-ақ 7 нәтижелі пас берген.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу