Трамп АҚШ-қа 12 елдің азаматтарына кіруге тыйым салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Трамп АҚШ-қа 12 елдің азаматтарына кіруге тыйым салды

05.06.2025

Дональд Трамп Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Өзара әңгіме 1 сағат 15 минутқа созылған. Мұны АҚШ-тың БАҚ өкілдері хабарлады. Сондай-ақ бүгін Дональд Трамп АҚШ-қа әлемнің 12 мемлекетінің азаматтарының кіруіне тыйым салды. Олар – Ауғанстан, Мьянма, Чад, Конго Республикасы, Экваториялық Гвинея, Эритрея, Гаити, Иран, Ливия, Сомали, Судан, Йемен тұрғындары. Сонымен қатар Құрама Штаттар аумағына Түркіменстан, Венесуэла, Того, Куба, Бурунди азаматтарының кейбірі кіре алмауы мүмкін. Бұл туралы қаулы маусымның 9-да күшіне енеді.

Трамптың мәлімдеуінше, көптеген шетелдіктер Америкаға қауіп төндіреді. Алайда мұндай уәжбен келіспеген демократтар Трамптың жаңа тыйымы америкалықтардың өмірін мүлде қауіпсіз ете алмайды есептейді.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу