Биыл қос ғұлама Мәшһүр Жүсіп Көпеев пен Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл. Айтулы датаға орай, ұлттық музейде «Дала даналары» атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қатысқан тарихшы ғалымдар мен жас ақындар екі алыптың әдебиетіміз мен мәдениетімізге қосқан зор үлестері туралы айтып, шығармаларындағы адамгершілік, дін және тәрбие мәселелеріне тоқталды. Еркін форматта өткен жиында студенттер мамандарға сұрақ қойып, өздерін қызықтырған сауалдарға жауап алды. Мақсат – бабалар мұрасын насихаттап, қос ойшылды қазақ қоғамына кеңінен таныту.
Дархан Көкебаев, ҚР Ұлттық музейі жазба деректер бөлімінің басшысы:
- Екеуі де бір жылда туып, бір жылда қайтыс болған. Ең қызығы, бұл екеуі қайтыс болардың алдында кездескен. Сол кезде Мәшһүр бабамыз өзінің болашағы жайлы әңгімелеп, Шәкәрімге сен адамның, мен Алланың қолынан өлемін деп айтып кеткен екен. Басты мақсатымыз бабаларымызды жас ұрпаққа жаңа қырынан насихаттау болып табылады.
Досымжан ЕРМҰРАТ
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.