Ақтөбеде «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестивалі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбеде «Балауса» эксперименталды қойылымдар фестивалі басталды

20.04.2018

Биылғы шара драматург Тахауи Ахтановтың 95 жылдығына арналды. Үш күнге созылатын халықаралық фестивальде Ақтөбе, Алматы және Ресейден келген театр ұжымдары ең таңдаулы қойылымдарын ұсынбақ.

Сондай-ақ, Чехов атындағы Мәскеу көркем театрының актері, қоңыр барқыт дауысты Дмитрий Дюжев Александр Пушкиннің «Евгений Онегин» моноспектаклін ойнайды. Алғаш рет фестиваль студент және жастар арасында, кейін 2017 жылы республикалық деңгейде ұйымдастырылды. Шараның ашылу салтанаты бүгін Тахауи Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өтті.

Жұлдыз АЛМАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу