Биыл алғашқы 3 айдың ішінде 5,5 мың адам интернет алаяқтарының құрбаны болған. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, әккілер тұрғындарды құрығына түсіру үшін әртүрлі әдіс-тәсіл қолданады.
Мәселен, биыл 1850 адам онлайн сауда жасаймын деп алдын ала төлем жасаған. Кейін өздеріне қажет тауар мен қызметті ала алмаған. 1700 адамға алаяқтар банк өкілі не құқық қорғау қызметкері ретінде хабарласып, күмәнді операциялар туралы хабарлаған. Оны бұғаттау үшін картаның реквизиттерін талап еткен. Сондай-ақ 300 азаматтың атынан жалған аккаунт ашып, таныстарынан қарызға ақша сұраған. Ал 800-ге жуық тұрғынды әртүрлі тәсілмен алдау арқылы жеке деректеріне қол жеткізіп, онлайн несие рәсімдеген. Айлакерлердің қармағына іліккендердің саны да, санап берген сомасы да азаяр емес.
Ернұр Медет
