Қытай LRT вагондары Астанаға жөнелтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай LRT вагондары Астанаға жөнелтті

24.05.2025

Қытай LRT-ның алғашқы вагондарын Астанаға жөнелтті. Таншань қаласындағы зауытта 19 бірлік жылжымалы құрам өндіріледі. Соның алғашқы екеуі Астанаға жіберілді. Қалғаны осы жылдың соңына дейін елге жеткізілмек. Жаңа желіні қыркүйекте сынақтан өткізу жоспарланған. Жүргізушісіз вагондар заманауи, төрт секциялы, автоматтандырылған. Әрқайсысына 650 жолаушы сыяды. Бүгінде LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу