Бүгін елімізде тұрғын үй кезегіне өтінім қабылдау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін елімізде тұрғын үй кезегіне өтінім қабылдау басталды

24.05.2025

Бүгін үй кезегіне тұруға өтінім қабылдау басталды. Өтінім orken.otbasybank.kz порталы арқылы қабылданады. Есепке тұру үшін электронды цифрлық қолтаңба қажет. Басты талаптың бірі - соңғы 5 жылда өзіңіздің және отбасы мүшелеріңіздің атында үй болмау керек. Астана, Алматы, Шымкент қаласының тұрғындары болса, мегаполисте соңғы үш жыл тұрақты тіркеуде болуы шарт. Сондай-ақ бұл тізімге жалғыз баспанасы апатты деп танылғандар да қосылады. Жүйе үміткердің талаптарға сәйкестігін автоматты түрде тексереді. Өтінім беру барысында әлеуметтік санаттың қай тобына жататыныңызды көрсетесіз, дербес деректердің жинауға келісім бересіз. Одан соң 1414 нөмірінен келген SMS-хабарламаға жауап беру керек. Қызмет көрсету мерзімі - бір жұмыс күні.

Асылбек Данияр

Хабарламаларға жазылу