Батыс Қазақстан облысында полицейлер балалар қауіпсіздігіне арналған ақпараттық акция ұйымдастырды.
«Қауіпсіз аула» акциясы аясында құқық қорғау қызметкерлері балалармен кездесіп, түрлі жағдайды мысалдармен түсіндірді. Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға үндеді.
Ата-аналарға да ақпараттық парақшалар, жадынамалар таратылды. Материалдарда жол қозғалысы ережелері, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу, балалардың үйден кетуінің салдары, сондай-ақ төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер туралы пайдалы мәліметтер қамтылды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, «Полиция әркез балалардың қорғаны болып қала бермек».
Нұрбек Қуандықов, Орал қалалық Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы:
Түнгі уақытта да рейдтік іс-шаралар жүргіземіз. Кәмелет жасқа толмаған балалардың түнгі сағат 22:00-ден таңғы сағат 06:00 аралығында заңды өкілінсіз жүруге болмайтыны жөнінде түсіндіреміз. Бүлдіршіндеріміздің өмірі, денсаулығы біз үшін өте маңызды.
Ардақ Мұратқызы
