Қазақстанның қылмыстық заңнамасына - 10 жыл. Осыған орай Астанада халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтіп жатыр. Онда аталған аралықтағы 100-ден астам өзгерістер мен олардың тиімділігі туралы талқылануда. Құқықтық олқылықтар мен оларды жетілдіру жолдары сөз болды. Сондай-ақ алқалы жиынға шетелдік сарапшылар да қатысып, тәжірибелерімен бөлісті. Саладағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерге тоқталды. Конференция аясында отандық заңгерлер мен ғалымдар бірқатар заң баптарының Конституцияға сәйкестігін қайта қарау қажет екенін айтып, нақты ұсыныстар әзірледі. Бұл бастамалар тиісті мемлекеттік органдар мен ғылыми орталықтарға жолданбақ.
Нұрбек Исабай, Астана халықаралық университеті жоғары құқық мектебінің деканы:
Төрт кодекске де 100-ге жақын өзгерістер енген. Бұл өзгерістер енгізілу барысында қазір осы ғылыми академиялық қауымдастықтың тағы бір ұсыныстарының бірі – бұл криминологиялық ғылыми тұрғыдан ешбір зерттеу, социологиялық тұрғыдан зерттеулер жүргізбестен оның криминологиялық негіздемесі жасалмастан осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізу нәтижесінде құқық қолдану практикасында олқылықтар шығып жатқаны ұсыныстарда ортаға салынады.
Динара Жарқынбек
