Жамбыл облысында қайтарылған активтер есебінен әлеуметтік нысандар салынуда
Президент тапсырмасына сәйкес елге қайтарылған заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік нысандар салу қарқын алды. Бұл бағытта Жамбыл облысының Қордай және Талас аудандарында екі дәрігерлік амбулатория бой көтермек. Құрылысты аяқтауға Арнаулы мемлекеттік қордан 320 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінетін болды. Медициналық мекемелер тәулігіне 45 адамға қызмет көрсетеді. Қос нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» бағдарламасымен салынып жатыр. Оның аясында аймақта 28 нысан салынған. Биыл тағы екі нысан ел игілігіне беріледі. Жалпы, елімізде 655 медициналық нысан жаңадан салуға және қайта жаңғыртуға жатады. Бүгінде оның 468-інде құрылыс аяқталды.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33

Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19
Маңғыстауда теңіз аквашаруашылық жобасы іске қосылды
06.09.2025, 18:15
Ташкентте Орал Таңсықбаев туындыларының көрмесі ашылды
06.09.2025, 18:10
Қордай ауданында ҚХА құрылды
06.09.2025, 17:58
Мәйіттік донор бірнеше адамның өмірін сақтап қалды
06.09.2025, 17:56
Атырау мұнай өңдеу зауытына – 80 жыл
06.09.2025, 17:27