Жазушы Шәрбану Бейсенова жас оқырмандарымен кездесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жазушы Шәрбану Бейсенова жас оқырмандарымен кездесті

27.03.2018

Жақында «Ұлы дала арулары» сериясымен жаңа кітап жарық көрмек. Кезекті еңбек Бозақ ханшайымына арналады. Бұл туралы кітап авторы, жазушы, журналист Шәрбану Бейсенова кішкентай оқырмандарымен кездесуінде айтты. Бұған дейін қаламгердің «Ұлы дала арулары» сериясымен «Сүйінбике» атты еңбегі басылып шықты. Жазушы өз шығармашылығына қазақ әйелдерінің болмысын, тағдыры мен ішкі рухани қуатын арқау етеді.

Ол «Тағылымды тағдырлар» кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығына ие болды. Шәрбану Бейсенова кездесуде кітап оқудың мәні, білімнің құндылығы, ұрпақ тәрбиесі туралы тұщымды ойларын ортаға салды.

Шәрбану Бейсенова, жазушы, журналист:

- Кітапты қолға ұстап оқығаннан артық ләззат жоқ. Балалар қазір дайын электронды нұсқасын оқи салады. Меніңше, оның әсері басқа. Ал, қолға ұстап сөзді тұщынып оқу бір басқа. Біз сондай оқырман болса деп ойлаймыз.  

Ардақ МҰРАТҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу