Шәрбану Бейсенованың «Бозоқ аруы» атты кітабы жарыққа шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шәрбану Бейсенованың «Бозоқ аруы» атты кітабы жарыққа шықты

05.12.2018

«Бозоқ аруы» - қазақ қыздарына үлгі болатын тұлға. Алматыда жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Шәрбану Бейсенованың «Ұлы дала арулары» сериясы бойынша жарық көрген кітабы оқырмандарға жол тартты.

Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде өткен шарада Шәрбану Бейсенова студенттерге «Бозоқ ару» атты шығарманың жазылу тарихын түсіндірді. Туындыда Астананың түп-тамыры саналатын көне Бозоқ қаласынан табылған текті әулеттен шыққан ару туралы нақты деректер көркем әдеби тілмен баяндалған.

«Қазба жұмыстары кезінде әйел мүрдесінің екі жағына қойылған 800 інжу-моншақтың табылуы - ерекше құбылыс», - дейді автор. Айта кетейік, қаламгердің бұған дейін «Ұлы дала арулары» сериясы бойынша «Сүйінбике» кітабы шыққан. 

Шәрбану Бейсенова, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері:

- Көшпенді жұрт немен көшкен? Атпен көшкен. Соғыстың бәрі ат үстінде болған. Ат үстінде олар қолға қару алып, оны жұмсай білген. Мысалы, Бозоқ аруларында да осындай қасиет болған.

Әсем ҚАБЫЛБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу