Басты Жаңалықтар Қостанай облысында интернет алаяқтыққа қатысты 294 дерек тіркелген

Қостанай облысында интернет алаяқтыққа қатысты 294 дерек тіркелген

Қостанай облысында жыл басынан бері интернет алаяқтыққа қатысты 294 дерек тіркелген. Олардың келтірген шығыны бүгінде 200 млн теңгеден асты. Көбіне олар банк немесе құқық қорғау қызметкерлерінің атын жамылып қоңырау шалады, кейін жеке деректерді пайдаланып несие рәсімдейді. Облыста мұндай қылмыстың ашылу көрсеткіші 20% ғана. Себебі көп жағдайда ұялы байланыс желісін анықтау тіптен мүмкін емес. Сондықтан құқық қорғау қызметкерлері барынша мұқият болуға шақырады, сондай-ақ әлеуметтік желіден тапқан жұмыс жеңіл ақша уәде етсе, соңы қылмысқа апаруы мүмкін екенін де ескертті.

Рустам Ғалиев, қала прокурорының орынбасары:

Көп жағдайда дропперлердің өзі қылмысқа барып тұрғанын білмейді. Сөйтіп өздері алаяқтардың құрбанына айналады. Ал шын мәнінде олар банк карталары арқылы ақшаны алаяқтарға жіберіп отыратын делдалдың жұмысын атқарады. Сондықтан азаматтарды барынша сақ болуға шақырамыз! Сондай-ақ бейтаныс тұлғаларға код пен жеке деректерді жібермеулеріңізді сұраймыз.

Мәдина Нағашыбай


Бөлісу