Алматыда ауа райы күрт бұзылып, қатты жел соғып, дауыл тұрды. Салдарынан бірнеше ағаш құлап, көліктерді басып қалған. Кей аудандарда тіпті ғимараттардың қаптамалары ұшып, электр желілеріне де зақым келді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, зардап шеккендер жоқ.
Айдана Қуантхан
