Меккеде қатты дауыл тұрды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Меккеде қатты дауыл тұрды

23.08.2023

Сауд Арабиясының батыс бөлігінде дүлей дауыл тұрды. Мұсылмандар үшін қасиетті Мекке қаласында күшті желмен бірге нөсерлі жаңбыр жауды. Мұнда жел сағатына 80 шақырымнан асатын жылдамдықпен соққан. Табиғаттың тосын мінезі қажылыққа барғандарды әлекке салды. Әлеуметтік желілерге тараған бейнежазбалардан адамдардың жел екпінінен құлап жатқанын көруге болады. Электр желілері үзіліп, темір конструкциялар құлаған. Қатты нөсер соңы тасқынға ұласты.    


Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу