Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі жақында өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Украина мен Ресей келіссөздерінің келесі кезеңі жақында өтеді

17.05.2025

Украина мен Ресей арасындағы бейбіт келіссөздердің келесі кезеңі таяуда Ыстамбұлда өтуі тиіс. Халықаралық саяси сарапшылар осылай деп отыр. Себебі кешегі бітімгерлік жиын екі ел үшін де, өте нәтижелі аяқталды. Тараптар кешегі басқосуда көтерілген мәселелерді мемлекет басшыларымен саралап, келіссөздердің келесі раундының уақыты мен күн тәртібін белгілейді. Мамандар ендігі жиында атысты уақытша тоқтату мәселесі шешілуі тиіс деген болжам айтып отыр. Одан кейін екі ел Президенттері кездесуі тиіс. Түркия қос мемлекеттің де қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуі үшін бар мүмкіндікті жасады дейді халықаралық саяси сарапшы Жошкун Башбуғ.

Жошкун Башбуғ, Халықаралық қауіпсіздік жөніндегі сарапшы:

Ресей мен Украина арасындағы соғыс басталғалы бері Түркия бейбіт келісімге келу мәселесін әрдайым көтеріп жүр. Бұған дейін де тұтқын алмасу, астық коридорын жасап, Украина порттарында қалып қойған бидайды әлем елдеріне жеткізу сияқты күрмеулі мәселелер Түркияның араласуымен шешілді. Сондықтан да тараптар үш жылдан кейінгі кездесуді тағы да Ыстанбұлда өткізуді ұйғарды.

Айдос Әшімұлы

Хабарламаларға жазылу