Оралда отбасын қолдау орталығы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралда отбасын қолдау орталығы ашылды

16.05.2025

Оралда отбасын қолдау орталығы ашылды. Бұл - өңірде жұмысын бастаған 14-ші мекеме. Орталық екі бағытта - ақпараттық-ағарту және кеңес беру бағытында қызмет көрсетеді. Білім, денсаулық сақтау, полиция, прокуратура қызметкерлері мен әкімдерден құралған мобильді топтар қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты кеңес береді. Орталықта шеберлік сыныптары жұмыс істейді. Мұнда әйелдер тігінші, аспаз кәсібін меңгереді. Сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдер бір ай тегін тұра алады. Жалпы орталыққа кез келген отбасы мүшелері келіп, мамандардан кеңес алуға жағдай жасалған.

 Ақтоты Жұбатова, Отбасын қолдау орталығының директоры:

Мобильдік топтың мақсаты - өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте анықтап, оларға кешенді түрде қолдау көрсету. Ол отбасылардың балаларына біздің демеушілеріміз ағылшын тілін оқыту сертификаттарын беріп отыр. Яғни екі айға дейін тегін оқуға қала кәсіпкерлері қолдау көрсетіп жатыр.     

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу