Балалар қай кітаптарды сүйіп оқиды? Өздерінен сұрап көрген едік. Бірі шетелдік туындыларды таңдаса, енді бірі отандық қаламгерлердің шығармаларын атады.
Сауалнама:
Менің сүйікті кітабым - «Балалық шаққа саяхат».
Менің сүйікті кітабым - «Абай жолы».
Менің сүйікті кітабым Хәрри Поттер, ол фантастика жанрында.
Еске салайық, төл әдебиетіміздегі танымал 100 туындыны анықтауға арналған жалпыұлттық сауалнама жүріп жатыр. е-Gov Mobile қосымшасы арқылы таңдаулы кітаптар тізбегін жасауға үлес қоса аласыз. Сауалнама 23 шілдеге дейін жалғасады. Нәтижесі 10 тамыз – Абай күнінде жарияланады. Мақсаты – әр үйдің төрінде тұратын шығармаларды анықтау. Жобаның негізгі ақпараттық демеушісі – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы.
Темірлан Нұрсолтан
