Елімізде әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмай отыр. Бұған әйелдердің бедеулігімен қатар ерлердің белсіздігі де себеп. «Дерттің себебі жетерлік», - дейді дәрігерлер. Түйткілді шешудің жолдары Алматыда басталған Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығының 50 жылдығына арналған конгресте талқыланды. Халықаралық шарада ана мен бала саулығы, босану тәжірибесін цифрландыру, хирургиядағы инновациялар, акушерлік қызметте жасанды интеллектіні қолдану мәселелері де сөз болды. Мамандардың сөзінше, кейінгі жылдары жасанды ұрықтандыру ісінде соңғы технологиялар қолданылуда. Соның арқасында Қазақстанның медициналық көмегін алу үшін шетелдіктер де келіп жатыр. Қазір елімізде бедеулік диагнозы қойылған 20 мыңнан астам отбасылық жұп тіркелген.
Жазира Оразқызы
