Астанада алғаш рет аналар фестивалі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада алғаш рет аналар фестивалі өтті

12.05.2025

Мамырдың екінші жексенбісі – елімізде аналарға деген алғыс пен құрметтің көрініс табатын күн. Осыған байланысты Астанада алғаш рет аналар фестивалі өтті. Мерекелік жиында ән мен би шеруі, сән көрсетілімдері, сондай-ақ қолөнерден шеберлік сағаттары да ұйымдастырылды. Сонымен қатар отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өзекті мәселелер бойынша кәсіби психологтармен кеңесу алаңдары жасақталған. Бұл бастама дәстүрге айналмақ.

Қайрат Қамбаров, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы:

Мемлекеттің басты мақсаты – әр отбасының әл-ауқатын арттыру, өскелең ұрпақтың, дені сау ұрпақтың одан әрі дамуына көптеген жағдай жасау. Сондай әлеуметтік жобалардың бірі осы – Аналар фестивалі. Мақсаты – аналар өзара пікір алмасу, білімдерімен бөлісу, балаларды қалай дұрыс тәрбиелеу жөнінде.

Динара Жарқынбек

Хабарламаларға жазылу